В.Путин: Әскери қақтығыстар жоспар бойынша жүріп жатыр

«Арнайы әскери қақтығыс қатаң жоспар бойынша жүріп жатыр». Ресей президенті Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен болған онлайн кездесуде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Владимир Путиннің айтуынша, ресейлік сарбаздар мен офицерлер нағыз батырларша әрекет етуде. Кремль басшысы бейнежүздесу кезінде қаза тапқан әскерилерді 1 минут еске алуды ұсынды.

Владимир Путин, Ресей президенті:

– Біздің сарбаздар тайсалмай шайқасып жатыр. Олар өз ісінің толық дұрыс екендігін жақсы біледі. Тіпті жарақат алған күннің өзінде өліспей-беріспеуде. Барлық мақсаттар сәтті орындалу үстінде.