Украина СІМ: Запорожьедегі АЭС-те атыс салдарынан өрт шықты

Ресей әскері Запорожье қаласында орналасқан Еуропадағы ең ірі  атом электрстанциясын атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан оның аумағынан өрт шыққан. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар қызметі нысанның бір блогын энергожүйеден ажыратқан. Өрт сөндірушілер шабуылға байланысты қызыл жалынды ауыздықтай алмай отыр. Апат ауданында радиция деңгейі қалыпты. Бірақ жағдай күрделі екені айтылады. Себебі жарылыс қауіпі бар. Ахуалға байланысты Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды.