М.Захарова: BBC ішкі саяси тұрақтылыққа нұқсан келтіріп отыр

Мәскеу британиялық BBC телерадио бірлестігін Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп жатқанын айтып айыптады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл турлы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.

Мария Захарова, РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

– Біздің елдің журналистерінің ол жақта әлі жұмыс істеп жатқаны – Ұлыбритания BBC телерадиобірлестігінің Ресейдегі бөлімшесінің позициясына нұқсан келтірмеу үшін жасап отыр. Себебі құрылым еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіріп отырған шетелдік ұйымның бірі. Мен ойдан шығарып отырған жоқпын. Мұны сыртқы істер министрі Трасс ханымның жақындағы мәлімдемелерінен байқауға болады.

Сондай-ақ Захарова Батыс елдері Киевті Минск келісімшартын орындамағанына қарамастан ақтап отыр деді. Оның айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы соңғы сегіз жылда халықаралық қауымдастыққа өзін-өзі жариялаған Донецк пен Луганск халық республикаларындағы қақтығыс пен бейбіт тұрғындардың қаза болуы жайлы шындықты жеткізе алмаған. Захарова осыған қарамастан Ресей ұйымнан шықпайтынын айтты. Ал Ресейді Еуропа кеңесінен шығару бұрын соңды болмаған шара деп атап өтті.

Сондай-ақ...