Қытай билігі елдің солтүстігіндегі шаңды дауыл қаупі туралы ескертті

ҚХР Ұлттық метеорологиялық орталығы жұма күні таңертең елдің солтүстік бөлігінде шаңды дауылға байланысты дабылдың «көк» деңгейін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы жергілікті Синьхуа агенттігі мәлімдеген. Ведомствоның болжамына сәйкес құм мен шаң ағындары Ішкі Моңғолияның кейбір аудандарын, Шэньси, Шаньси, Хэбэй, Шаньдун, Хэнань, Ляонин провинцияларын, сондай-ақ Бейжің және Тяньцзинь қалаларында болады. Орталық жоғарыда аталған әкімшілік бірліктердің тұрғындарына құмды дауылдарға қарсы сақтық шараларын қабылдауға, ал жүргізушілерге жолдың көрінбеуіне дайындалуға кеңес берді. Қытайда ауа райының қолайсыздығы туралы төрт деңгейлі ескерту жүйесі бар, онда қызыл түс қауіптің ең жоғары деңгейін көрсетеді, одан кейінгі қызғылт сары, сары және көк түстер.