Австралияда тасқын салдарынан бірнеше тұрғын жоғалып кетті   

Австралия билігі апта аяғында қалың жаңбыр жауады деп дабыл қағып жатыр. Елдің шығысын қазірдің өзінде тасқын су басқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша табиғи апаттан 13 адам көз жұмған. Тағы бірнешеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды іздеу операциясы жүріп жатыр. Тасқын үйлерді, жолдар мен егістіктерді шайып, мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған. Эвакуациялау дабылы елдегі ең ірі қала Сиднейде де берілді. Мамандар аймақтағы өзендер арнасынан тасу мүмкін деп ескертті.

Біздің зауытты су басқалы тұр. Су деңгейі қазір 2 метрге жетіп қалды. Зауытқа кіре алмай қалдық.

Аспан ашық болса да, ара-тұра жаңбыр жауып жатыр. Осы аптаның аяғына қарай жағдай қиындауы мүмкін. Тұрғындар қатты алаңдап жүр.