Париж маңындағы тұрғын үйде жарылыс болды

Париж маңындағы тұрғын үйде жарылыс болды
ФОТО : Mir24.tv / Светлана Родина

Париж маңындағы тұрғын үйде болған жарылыстан 22 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті BFM TV арнасы хабарлады.

Белгілі болғандай, оқиға таңертең Обервилье коммунасында (Сен-Дени округі) орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Құқық қорғаушылардың алдын ала мәліметінше, үш адам ауыр жарақат алған, ал қалған 19 адамның жағдайы тұрақты.

Жарылыстан өрт болып, салдарынан ғимараттың жоғары бөлігі құлаған. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды.

Жарылыс себебі анықталуда.