РФ Қорғаныс министрлігі: Украинада гуманитарлық апат орнады

Украинаның Киев, Харьков пен Чернигов қалалары түбіндегі ұрыс әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы Президент Кеңсесінің басшысы Алексей Арестович мәлімдеді. Бірақ соған қарамастан, елдегі жағдай бақылауда.

Арестовичтің айтуынша, Ресей әскерилері Запорожьедегі атом электр станциясын ішінара өз бақылауына алған. Енді Харьков пен Ахтыркаға соққы беріп жатқан көрінеді.

Алексей Арестович, Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі:

– Жалпы жағдай бақылауда. Қарулы Күштердің басшылығы, мемлекет басшылығы қарсыластың белгілі бір бағыттар бойынша жасап жатқан шабуылын тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр.

РФ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ: УКРАИНАДА ГУМАНИТАРЛЫҚ АПАТ ОРНАДЫ

Өз кезегінде, Ресейдің қорғаныс министрлігі Украинаның көп бөлігінде гуманитарлық жағдайдың нашарлағанын хабарлады. Ресей «арнайы операция» деп атаған қақтығыс басталғалы қауіпті аймақтардан шамамен 150 мың адам эвакуацияланған. Алдағы уақытта бірнеше облыста ондаған «гуманитарлық акция» ұйымдастырылмақ.