loader


НАТО Украина аспанын ашық қалдырды

НАТО-ға мүше мемлекеттер Украинадағы әскери қақтығысқа араласпайды және осы елдің әуе кеңістігін ұшуға болмайтын аймақ деп жарияламайды.

Бұл туралы Брюссельде өткен брифинг барысында НАТО Бас хатшысы мәлімдеді.

«Егер НАТО өзінің жойғыш ұшақтарын аталған аймаққа жіберер болса, Ресей әуе кемелерімен қақтығысқа әкеледі. Мұндай әрекет Еуропаны түгелдей соғыс алаңына айналдыруы мүмкін», - деді Альянс басшысы. 

Айта кетейін, бүгінде Балтық жағалауы елдерінде, Польшада, Румыния мен Еуропаның оңтүстік-шығысында НАТО-ның әскери топтары бар. Йенс Столтенбергтің айтуынша, қазір олардың санын арттыру жағы қарастырылып жатыр.

Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы:

- НАТО - қорғаныс альянсы. Біздің негізгі міндетіміз блокқа мүше 30 елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз бұл қақтығыстың бір бөлігі емеспіз, бірақ оның өршіп кетпеуіне және Украинадан тыс жерлерге таралмауына жауаптымыз. Қазір Украинада не болып жатқан жағдай өте қорқынышты. Адамдардың қайғы-қасіретін көріп жатырмыз. Бәрі қиратылып жатыр. Еуропа мұндайды екінші дүниежүзілік соғыстан бері көрген емес.

Сондай-ақ...