Samsung компаниясы Ресейге өнім жеткізуді тоқтатты

Оңтүстік кореялық Samsung Electronics компаниясы Ресейге өнім жеткізуді тоқтатты.

Яғни бұдан былай бұл елге чиптер, тұрмыстық техника мен смартфондар жеткізілмейді. Концерн өз шешімін «қазіргі геосаяси оқиғалармен» байланысты деп түсіндірді.

Айта кетейін, Samsung смартфондары Ресейдегі ең танымал телефондардың бірі саналады.

Reuters агенттігінің мәліметі бойынша Ресей нарығының үштен бірі дәл осы компанияның үлесінде. Естеріңізде болса, бұған дейін Apple, Оракл, Intel компаниялары да осындай шешім қабылдаған еді.