Ресей Украинада тыныштық режимін жариялады

Бұл туралы көрші елдің қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған ведомство келтірген мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:00-де Мариуполь мен Волновахидегі бейбіт тұрғындардың эвакуациясы үшін гуманитарлық дәліз ашылады.

Айта өтейік, дәліз құру туралы шешім 3 наурыз күні Ресей мен Украина арасында өткен  келіссөздердің екінші кезеңінде қабылданған болатын.