Ресей мен Украина тағы келіссөз жүргізеді

Украина мен Ресей делегациялары үшінші рет 7 наурызда кездесуі ықтимал. Бұл туралы украиналық ақпарат құралдары Владимир Зеленский кеңсесінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Киев өз ұсынысына, Ресей тарапының жауабын күтіп отыр. Әзірге басқосудың нақты қай жерде болатыны туралы мәлімет жоқ. Алдыңғы екі жиын Беларусь аумағында өткен еді. 3 наурыздағы келіссөзде тараптар гуманитарлық дәліз құру туралы шешімге келген. Нәтижесінде Ресей бұл жаққа оқ атпауға келісіп, Мариуполь мен Волновахадағы бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік туып, гуманитарлық дәліз ашылды.