Қытай билігі биылғы жылдың міндеттерін атады

Қытай билігі биылғы жылдың міндеттерін атады

Қытай сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтеді. Бейжіңде халық өкілдерінің Жалпықытайлық жиналысы өтіп жатыр.

Парламент отырысы наурыздың 11-іне дейін созылады. Жиынның алғашқы күні депутаттар үкіметтің жұмысы туралы баяндаманы тыңдады. Құжатқа сәйкес Қытайдың экономикалық өсімі 5,5 процентті құраған. Жұмыссыздық та осы деңгейде. Биыл өндіруші кәсіпорын мен шағын және жеке кәсіпкерлерден алынатын салықты қысқарту жалғасады.

Ли Кэцян, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері:

- Біздің міндетіміз үш бала саясатын қолдауға бағытталған кешенді шараларды жетілдіру. Балаларды күтуге жұмсалатын шығындарды жеке табыс салығын есептегенде қосымша салықтық жеңілдіктерге қосу керек. Ата-аналарға түсетін ауыртпалықты жеңілдету үшін балабақша жасындағы бүлдіршіндерді тәрбиелеу қызметтерін арттырамыз.