Перуде гендерлік теңсіздікке қарсы шеру өтті

Перуде жүздеген әйел шеруге шықты.

Қолдарына плакат ұстап, ұрандатқан белсенділер үкіметтен гендерлік теңдікті талап етті. Олар қоғамға үндеу жасап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық танытуға шақырды. Перу билігі келтірген мәліметке сәйкес, былтыр елде қыз-келіншектердің жоғалуына қатысты 6 мыңдай арыз жазылған. Ал отбасылық және гендерлік зорлық-зомбылық бойынша шағымдар 130 процентке артқан.

Росио Гутьеррес, шеруші:

- Коронавирус індеті жағдайды ушықтырып жіберді. Перулік 10 әйелдің кемінде алтауы серігінен жәбір көрген. Жалпы жыл сайын елімізде 7 мыңнан астам зорлық-зомбылық дерегі тіркеледі. Және олардың басым бөлігі 17 жасқа дейінгі қыздар мен жасөспірімдерге қатысты.

Сондай-ақ...