Ердоған Путинді әскери қимылды тоқтатуға шақырды

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Қос басшының келіссөзі шамамен 1 сағатқа созылды. Түркия президенті атысты тоқтату, гуманитарлық дәліздерді ашу және бейбіт келісімге қол қою үшін шұғыл қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталды. Ресми Анкара Украина мәселесінің тез арада бейбіт әдістермен шешілуіне үлес қосуға, дайын екенін жеткізді. Украина тарапымен және басқа бірқатар елдермен, тұрақты байланыста екенін білдірген президент Ердоған, жан-жақты келіссөздер жүргізіп, нәтижеге жету үшін талпыныстарын жалғастыратынын айтты.

Ал Кремльдің мәлімдеуінше, Украина соғысты тоқтатып, Мәскеудің талабы орындалған жағдайда ғана Ресей қақтығысты тоқтатады.

Сондай-ақ...