Кореяда дезинфекциялау жұмыстарын роботтар жүргізеді

Оңтүстік Кореядағы дәмханаларды ақылды құрылғылар дезинфекциялайды.

Ноу-хау үкіметтің қолдауымен Машина жабдықтары және материалдары институтында жасалған. Робот толық қуатталған соң 4 сағат жұмыс істей алады. Тағы бір ерекшелігі ғимарат ішінде тек адамдар жүрген жерлерді ғана зарарсыздандырады. Құлтемір қонақтарды өзінде және ғимаратта орнатылған камера арқылы анықтайды. Жергілікті мейрамханалардың бірегей құрылғыға қызғушылығы жоғары. Қазір Оңтүстік Кореяда ойын-сауық орындарына түнгі 11-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Ким Чан Хён, машина жабдықтары мен материалдары институты зертханасының меңгерушісі:

- Біз осындай робот жасап шығарғанымыз жайлы хабарлаған соң ауруханалар мен метрополитен сияқты түрлі ұйымдар хабарласа бастады. Медициналық мекемелерде ғимараттың іші ультракүлгін шаммен зарарсыздандырылады. Ал біздің құлтеміріміз оның ішідегі ауаны тазалап, өзі зарарсыздандыра алады. Бұл адамдарға қауіпсіз.