НАТО әскерінің мақсаты не?

НАТО әскерінен Ресейге қауіп жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропаға жиналған әскер шабуылдау үшін емес, қорғануға қажет. Францияның қорғаныс министрі Флоранс Парли Румыния мен Украина шекарасында жасақталған НАТО әскерімен кездесуінде осылай деді. Министр Альянстың оңтүстік-шығыс қапталын нығайтудың маңыздылығына да тоқталды. Қазір Румыния шекарасындағы әскери базада 500 француз әскері мен Бельгияның 300 сарбазы тұр. Мұнымен қоса 1 мыңға жуық америкалық қарулы күш Германиядан Румынияға көшірілді.

Флоранс Парли, Францияның қорғаныс министрі:

- НАТО-ға мүше елдердің әскері Румыния шекарасына тартылғаны бекер емес. Бұл бірлескен шара шабуылдау үшін емес, қорғану мақсатында ұйымдастырылып отыр. НАТО Альянсы Ресейге қауіп төндірмейді. Еуропа елдері Ресейге қауіпті емес. Десе де одаққа мүше елдерді қорғау үшін бірлігімізді көрсетіп, кез келген жағдайда жұмыла кетуіміз керек.