TikTok Ресейдегі қызметін тоқтатты

Қытайдың TikTok әлеуметтік желісі Ресейдегі қызметін тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жақында осы елде жалған ақпарат тарату туралы заңның қабылдануы себеп. Осыған байланысты әлеуметтік желі өздерінің қызметкерлері мен тұтынушыларының қауіпсіздігіне алаңдап, тікелей трансляция мен жаңа контент қоюды тоқтатқан. Бірақ хабар алмасу қызметі жұмысын жалғастыра береді. Компания басшылығы әлеуметтік желінің қайта толық жұмыс істеуі туралы шешім Ресейдегі жағдайға байланысты қабылданады деп отыр. Ал дерекке қарағанда TikTok-ты 30 миллионға жуық ресейлік қолданады екен.