АҚШ-та торнадо жеті адамның өмірін қиды

АҚШ-тың Айова штатында торнадо жүріп, 7 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдардың екеуі – бала. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 3 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Табиғат апатынан әсіресе Винтерсет қаласы көп зиян шеккен. Онда желдің екпіні сағатына 265 шақырымға дейін жетті. Мамандар торнадоны қауіптіліктің 3-сатысына жатқызды. Бұл дауылдың күші пойызды тежеп, ағаштарды тамырымен қопарып тастауға жетеді деген сөз. Өңірде үйлер қирап, шаһардың инфрақұрылымы бұзылған. Электр желілері үзіліп, мыңдаған адам жарықсыз отыр.