Covid-19: Гонконгта эпидахуал ушығып тұр

Гонгонкта коронавирус жұқтырғандарды емдейтін жаңа ауруханалар салынып жатыр. Билік емдеу орындары індеттің өршуін тоқтатуға көмектеседі деп отыр.

Гонконгта жыл басында вирусқа шалдыққандар саны күрт артып, кейінгі бірнеше аптада эпидемиологиялық ахуал нашарлап кеткен. Салдарынан ауруханаларда төсек-орын жетіспей, науқастарды далада уақытша шатырларда емдеген еді.

Жағдайдың нашарлауына байланысты өңірдегі 7,5 миллион тұрғынның бәрі тестілеуден өтеді.