Украинаның Харьков қаласында жағдай мүшкіл

Украинаның Харьков қаласында жағдай әлі де қиын.

Ассоушиейтид пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы атыс-шабыстан көп қабатты үйлер қираған. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген бейбіт тұрғындар көбейген. Ақ халаттылар болса, ауруханаға түкендердің санынан жаңылғанын айтады.  Ал Украинаның ақпарат құралдары 8 адамның қаза болғанын және әуе шабуылдарының салдарынан шаһарда 21 нысан өртенгенін мәлімдеді.

Жергілікті тұрғын:

- Мына сұмдықты көргенде көз жасымды тыя алмаймын. Әйелім кеше ауыр жарақат алып 4-ауруханаға түсті. Оған шынының сынығы тиген. Өлім аузынан қалды.