Киев Зеленский мен Путиннің тікелей кездесуін қалайды – Дмитрий Кулеба

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Киев Ресей басшысы Владимир Путин мен Президент Владимир Зеленскийдің тікелей келіссөз өткізуін қалайтынын жеткізді.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Кулеба сондай-ақ наурыздың 10-ы күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Анталияда дипломатиялық форум шеңберінде кедесетінін растады. Қос дипломаттың кездесуі жайлы уағдаластыққа Түркия басшысы Реджеп Тайип Ердоғанның президент Владимир Путинмен наурыздың 6-сы күні телефон арқылы сөйлесуі барысында қол жеткізілген. 

Дмитрий Кулеба, Украина сыртқы істер министрі:

- Біз Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путин арасында тікелей келіссөз өткенін баяғыдан айтып келеміз. Себебі бәріміз соңғы шешімді сол қабылдайтынын білеміз, әсіресе қазіргідей жағдайда. Мұның жасыратын түгі де жоқ. Мұны барлығы біледі.

Сондай-ақ...