476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еуроодақ Ресей газына тәуелді болуын біртіндеп азайтады

  • 177
  • UPD: 12:05, 08.03.2022

Газ бағасы шарықтап кеткендіктен еуропалықтар үшін коммуналдық қызмет төлемдері де қымбаттайды.

Сарапшылардың пікірінше, кәрі құрлықтағы жылу бағасы кем дегенде 35 процентке өседі. Еуропалық Одақ көгілдір отынның 40 процентін Ресейден тасымалдайды. Бірақ Брюссель Ресей газынан біртіндеп бас тартатынын мәлімдеді. Еуроодақ енді өзге тасымалдаушы компаниялармен бірге жаңғыртылатын энергия көздеріне көшуді жоспарлап отыр. Италия таяуда осыған қатысты бірқатар шешімдерді жария етпек. 

Марио Драги, Италия премьер-министрі:

- Біз газ тасымалдауды диверсификациялау мен қайта құруды және азаматтар мен компанияларға өтемақы беру мәселесін талқыладық. Италия Ресей газына тәуелділікті тезірек азайту үшін жұмыс істеп жатыр. Сенбі күні мен Катар әмірі Әл-Танимен сөйлестім. Әңгіме барысында екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты талқыладық.

Хабар 24 телеарнасы