Брюссельге Украинадан босқындар барды

Бельгияға Украинадан 1,5 мыңға жуық босқын барды.

Олар осы елде уақытша тұру үшін Бельгияның ішкі істер министрлігіндегі сыртқы істер департаментінде тіркелу керек. Тақауда Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің келісімінен кейін аймақта босқындар үшін тіркелу орталығы ашылды. Шара барынша жеңілдетілген. Кейін босқындар үй алу үшін әр жарты жыл сайын құжаттарының мерзімін ұзартып отыруы керек.

Доминик Эрну, Бельгия ІІМ Сыртқы істер департаментінің баспасөз хатшысы:

- Полицияның мәліметі бойынша бүгін таңертең уақытша тіркеуге тұру үішн 1,5 мың адам кезекте тұрды. Олардың басым бөлігі Бельгияға Украинадан келген. Өз елінен қашқан босқындар уақытша Бельгияны паналамақ. Олар екі жылға дейін осы елде еш қауіпсіз тұра алады. Ересек адамдар жұмыс істеуге, ал балалар медициналық қызмет пен  білім алуға құқылы.

Катерина Дебера, Украинадан келген босқын:

- Қазір Украинада тұру өте қиын. Университет оқуды тоқтатты. Өйткені білім алу мүмкін емес. Бейбіт және еркін өмір сүргім келеді. Бельгияда соғыссыз, тыныш өмір сүре аламыз деп үміттенемін.

Сондай-ақ...