loader

Германияда карантин жеңілдеді

Германияда карантин жеңілдеді

Германия билігі карантиндік шектеулерді тағы жеңілдетті. Енді кинотеатр, мейрамхана, қонақүйлерге екпе салдырмаған, бірақ тест нәтижесі бар тұрғындар кіре алады.

Бұған дейін бұл мекемелерге тек вакцинасы бар және дерттен айыққандар бара алатын. Билік қоғамдық іс-шараларға да рұқсат берді. Ал концерттік залдар мен футбол стадиондарында орын 60 процентке ғана толуы керек. Түнгі клубтар да жұмыс істейді. Оған келушілердің қолында тесттің теріс нәтижесі немесе міндетті түрде екпе салдырған болуы керек. Ал наурыздың 20-сынан бастап елде барлық шектеулер алынады. Дегенмен, елдің денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық көлік пен ғимарат ішінде бетпердемен жүру міндетті екенін ескертеді.

БЛИЦ:

- Ең қиын кезеңді бастан кешірдік. Барлық жеңілдіктерді құптаймыз. Десе де, өмір бұрынғыдай болмайды. Пандемияның зардабын әлі біраз уақыт сезінеміз. Балалар мектепке бара алмай білімнен кейіндеп қалды. Білім беру саласына қолдау көрсету үшін шығындануға тура келеді. Бұған қарамастан болашағымыздың жарқын болатынына сенімдімін.

- Ұлыбританиямен салыстырсақ, Германиядағы шектеулер қатаң. Бұнда үнемі вакцина төлқұжаты тексеріледі. Оны мейрамханада да көрсету керек. Маған бұл тәртіп ұнайды. Мен вакцинаның 3 дозасын да қабылдадым. Қызым екі рет ғана егілгендіктен тест тапсырып отыруға мәжбүр. Әйтеуір тест тегін. Тиісті шараларының арқасында қауіпсіз ортада жүрміз деп ойлаймын.

Сондай-ақ...