Сиднейде толассыз жауыннан екі адам көз жұмды

Австралияның халық ең тығыз орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс аймағында жаңбыр тағы селдетіп, мыңдаған адам эвакуацияланды.

Сидней қаласында тасқын жүріп, шаһардың көп бөлігін су басып жатыр. Табиғи апаттан 2 адам опат болды. Марқұмдардың денесін құтқарушылар көлік ішінен тауып алды. Ауа райын болжаушылар аймақтың өзге өңірлерінде де су тасқыны қаупі барын айтады. Кейінгі екі аптада Австралияның шығыс бөлігінде жаңбыр қайта-қайта жауып, өзендер арнасынан тасып көп мекенді су басқан. Табиғи апаттан 19 адам көз жұмған.