Ресейде Mcdonald’s жабылады

McDonald’s Ресейдегі барлық 850 мейрамханасын уақытша жабады. Bloomberg агенттігі осылай хабарлады.

Елдегі жұмыс істеп тұрған тамақтану орындарын жабу туралы ашық хатты компанияның бас директоры Крис Кемпчински жолдаған. McDonald's елдегі ахуалды бақылауда ұстайды және қажет болса қосымша шаралар қабылдайды делінген хабарламада. Ал мейрамханалардың кейін қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Дегенмен, компания Ресейдегі 62 мың қызметкеріне жалақы төлеп отырмақ.

Сондай-ақ...