Қытай, Германия және Франция басшылары Украинадағы жағдайды талқылады

Қытай, Германия және Франция басшылары Украинадағы жағдайды талқылады

Қытай, Германия және Франция басшылары Украинадағы жағдайға байланысты бейнеконференция арқылы келіссөз өткізді.

Басқосу барысында тараптар Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған кез-келген келіссөзді қолдайтындарын айтты. Қытай төрағасы Си Цзиньпин Германия канцлері Олаф Шольц пен Франция президенті Эммануэль Макронға Украинадағы ахуал өте алаңдатарлық екенін атап өтті. Сондықтан батыс елдерін барынша ұстамдылық танытуға шақырды. Үш мемлекет басшысы гуманитарлық дәліздер құрудың маңыздылығын айтып, Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтату үшін барлық күш жігерін жұмсауға дайын екендерін жеткізді.