Apple компьютерлерінің түпнұсқалары аукционға қойылды

Нью-Йоркте Apple компаниясының алғашқы компьютерлерінің түпнұсқалары аукционға қойылды.

Бәссаудаға шығарылған жәдігердің арасында 1976 жылы Apple алғаш құрылып жатқан кезде Стив Джобс пен Стив Возняктың қол қойған 3,5 мың долларлық чегі бар. Төлем қағазы алғашқы компьютердің бөлшектерін сатып алуға рұқсат берген. Осымен қатар компанияның негізін қалаушысы Стив Джобстың қолтаңбасы бар мектептегі суреттері де сатылымға қойылған.

Бобби Ливингстон, аукционды ұйымдастырушы:

– Бәссаудаға шығарылып отырған коллекция бірегей. Мұнда Apple компьютерлері мен бейнеойындарының алғашқы нұсқалары қойылып отыр. Олардың басым бөлігін Силиконды алқапта жұмыс істеген адамдар берді. Оларды табу өте қиын.