Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 6 миллионнан асты

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 6 миллионнан асты.

Мұны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мәлімдеді. Індеттен қайтыс болғандар АҚШ-та көп тіркелген. Америкада вирустан тәулігіне 1 мыңнан астам адам көз жұмады. Пандемия басталғалы 400 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған.