Италияның Рим қаласындағы Беларусь елшілігіне шабуыл жасалды

Қаскөйлер ғимаратты жарып жібермек болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

БелТА ақпарат агенттігінің хабарлауынша белгісіз екі адам елшілік аумағына қолдан жасалған екі жарылғыш затты тастаған. Оның біреуі ғана жарылған. Оқиғадан ғимараттың жиһазы мен терезелері қирады. Абырой болғанда адамдар дін аман.