Украина – Ресей өкілдері Түркия елінде кездеседі. LIVE

Бүгін Ресей мен Украина сыртқы істер министрлері Анталияда бас қосып, Украинадағы жағдайды талқылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кездесу жайлы тікелей эфирде сол елдегі меншікті тілші Меруерт Қанағат баяндады.

Меруерт Қанағат, тілші:

– Бірер сағаттан кейін басталатын басқосуды төрткүл дүние күтіп отыр. Үштік кездесу тараптар арасындағы ең жоғарғы деңгейдегі кездесу. Бұған дейін Украина мен Ресейдің кіші құрамдағы екі жақты келіссөздері Беларусь Республикасында өткен болатын. Тарихи жиынның Анталияда өтуі бекер емес. Себебі Ресей мен Украина Түркияның көршілес елі. Қос елмен ресми Анкараның ынтымақтастығы барлық салада жоғары деңгейде. Түрік елі энергетикадан бастап дәнді-дақыл саласына дейінгі бірқатар өнімдерді осы мемлекеттерден импорттайды. Сондықтан о бастан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған араағайындық жасап, тараптарды мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырып, әлемнің бірқатар көшбасшыларымен келіссөз жүргізді. Алқалы жиынды, әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350-ден астам БАҚ өкілі тарқатпақ. Дегенмен кездесу жабық өтеді.

Стэлио Берберакис, Түркиядағы BBC тілшісі:

– Кездесудің жемісті өтуін калаймын, бүкіл әлем секілді. Қос тарап арасында атысты токтату келісімі жасалса, бұл да жетістік. Қалғаны Ресей мен Украина басшыларының шешімі. Бұл бейбітшіліктің бастамасы болады деген үміттемін.

Айта кетерлігі, Ресей және Украина сыртқы істер министрлері бастаған делегациялар Анталияның әртүрлі қонақ үйлер тұрақтайды. Қос мекеннің де қауіпсіздігі әбден орнатылған. Ресей Украина-Түркияның сыртқы істер министрлерінің төрағалығымен өтетін кездесуде, Украинадағы жағдайды реттеу, атысты тоқтату, гуманитарлық дәлізін құру секілді мәселелер қаралмақ. Алқалы жиынды әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350-ден астам БАҚ өкілі тарқатпақ. Дегенмен кездесу жабық өтеді. Соңғы ақпар бойынша жиыннан кейін Украина сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба мәлімдеме жасайды.