Украинадағы Ресей азаматтарының мүлкі тәркіленеді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясы мен оның азаматтарының мүлкін мемлекет меншігіне алу туралы Заңға қол қойды.

Екі ел арағындағы қарулы қақтығысқа байланысты ешқандай өтемақы төленбейді. Айта кетейік, Жоғарғы Рада бұл заңды бір апта бұрын қабылдаған.

Бұдан бөлек, Владимир Зеленский Ресей шабуылынан зардап шеккен Украинаның әр қаласын қалпына келтіру бағдарламасы құрылатынын айтты. Үкімет алдына тиісті міндет қойылды.