АҚШ Украинаға БҰҰ арқылы гуманитарлық көмек бөледі

АҚШ БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы Украинаға 50 млрд доллар гуманитарлық көмек бөлмек.

Бұл туралы АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис Польша президентімен өткен баспасөз көнференциясында хабарлады. Ал кеше Лос-Анджелес қаласынан украиналықтарға қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар бөлінді. 200 қорап жүк жақын арада Украинаға жөнелтілмек.

Мамандардың айтуынша, гуманитарлық көмектің құны 10 мың доллар шамасында болады.

Пол Х. Уоткинс, медициналық орталықтың басшысы:

- Жарақат алғанда керек болатын медициналық дәрі-дәрмек, бинт пен хирургияда қажетті заттарды жөнелтеміз. Барлығы өзіміздің ауруханамыздың қорында төтенше жағдай үшін жиналған. Қазір бұл препараттар бізден гөрі украиналықтарға аса қажетті деп ойлаймын.