В.Зеленский: Бір күнде төрт шаһардан 7 мың адам эвакуацияланды

Кеше Украинаның 4 қаласынан 7 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский хабарлады. Айытуынша, бұған дейін екі күн қатарынан елден әлдеқайда көп адам шығарылған еді. Саясаткер Ресей әскерінің Мариуполь қаласынан тұрғындардың кетуіне мүкіндік бермей тұрғанына наразылық білдірді. Қазір 400 мың халқы бар шаһарда адамдар бір апта бойы сусыз, жарықсыз отыр. 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Бүгін Ресей әскері гуманитарлық дәліздің жұмысын тағы бұзды. Бұған қарамастан Энергодар, Буча, Гостомель мен Козаровичи қаласынан 7 144 адам құтқарылды. Өкінішке қарай Мариуполь қаласын әлі де жаулар қоршап тұр. Ресей әскері аймаққа гуманитарлық көмекті жеткізуге мүмкіндік бермеді. Ертең ауыз су мен азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге тырысамыз. Басқыншылар Мариуполь қаласының мэрін Иван Федоровты тұтқынға алды. Бұл террорлық әрекет. Олар билік өкілдерін күшпен басып алып, әлсіздігін көрсетіп жатыр. Жалпы Украинада 12 мыңнан астам ресейлік әскердің көзі жойылды. Ал жараланғандар одан да көп.