Германия халқы билікті Ресей газынан бас тартуға шақырды

Берлин тұрғындары билікті Ресейдің газы мен мұнайынан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы халық алдымен экономика мен энергетика министрлігінің алдында жиналып, кейін канцлер Олаф Шольцтың резиденциясына қарай бет алды.

Тұрғындардың ереуілге шығуына Украинадағы қарулы-қақтығыс түрткі болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Германия Ресейдің энерго ресурстарына жыл сайын қазынадан 19 млрд еуро жұмсайды. Наразылар саясаткерлерді батыл шешім қабылдауға шақырады.

Уте, жергілікті тұрғын:

- Үкімет тиісті шешім қабылдап, Ресейден мұнай импорттауды тоқтатуын талап етеміз. Зейнеткермін, бірақ мұндай мәселеге белсенді атсалысамын. Экобелсенділер де үнемі климоттың өзгеруіне байланысты  «Nord Streem» газ құбырына қарсылығын білдіріп жатады. Енді бұған тағы бір себеп қосылды.