476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс салдарынан әлемді қымбатшылық жайлады

  • 223
  • UPD: 18:18, 12.03.2022

Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс салдарынан әлемді қымбатшылық жайлап барады.

Мысалы, Еуропада азық-түлік пен жанар-жағармайдың құны аспандап тұр. Испанияда мұнай мен газдың бағасы шарықтаған. Аймақта электр жарығы екі есе қымбаттады. Қымбатшылықтан елде инфляция деңгейі өскен. Жуырда Испания премьер-министрі Педро Санчес зардап шеккен кәсіпкерлерге субсидия бөлінетінін уәде етті. Жергілікті билік енді  жаңа энергетикалық серіктес іздеп, дәнді дақылдарды импорттайтын мемлекеттер табу керек.

Хавьер, жергілікті тұрғын:

- Азық-түлік бағасының қымбаттауынан қалтамызға ауыр соғып тұр. Тұрмыс деңгейімізге әсер етті. Бұрын 10 еуро тұратын тауар қазір 12-13 еуроға көтерілген. Бағалар шамамен 20 процентке өсіп кеткен.

Ресейдің өзінде де жағдай мәз емес. Экономикалық санкциялардың салқыны барлық салада айқын сезіледі. Тіпті балаларға арналған тауарлар екі есе қымбаттаған.  Көптеген шетелдік компаниялар мен корпорациялар Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Жуырда Владимир Путин зардап шеккен кәсіпкерлерге жаңа экономикалық көмек пакетін жариялады.

Хабар 24 телеарнасы