476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украинаның 3491 әскери нысаны талқандалды – Ресей қорғаныс министрлігі

  • 160
  • UPD: 16:47, 17.03.2022
Украинаның 3491 әскери нысаны талқандалды – Ресей қорғаныс министрлігі

Украинада шамамен 3,5 мың нысан талқандалған. Ресейдің Қорғаныс министрлігі осындай дерек келтірді. Аталған ведомство өкілдері Ресей әскерінің 21 шақырымға ілгері жылжығанын хабарлады.

Өзін өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикалары күштерімен бірге бірнеше елді мекен бақылауға алынған. 

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

- 12 наурыз күні таңертең Украинаның әскери инфрақұрылым нысандарына дәлдігі жоғары қарумен соққы жасалды. Васильковтағы әскери аэродром мен Броворадағы Украина Қарулы Күштерінің радио- және радиотехникалық барлау орталығы жойылды. Бір тәулік ішінде Ресей авиациясы мен Әуе-ғарыш күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі 5 дронды атып түсірді. Олардың екеуі "Байрактар ТБ-2", біреуі "Точка-У" тактикалық зымыраны. 

Украина бас штабы: бірнеше қала оқ астында қалды

Украинаның бас штабы кеше түнде бірнеше қаланың оқ астында қалғанын хабарлады. Олар Чернигов, Николаев, Сумы, Васильков пен Кропивницкий. Шабуыл «Смерч» дүркіретіп ату қаруымен жасалды, дейді әскерилер. Украина қарулы күштерінің Бас штабы келтірген дерекке сәйкес, Волноваха қазір Ресей әскерінің бақылауында. Мариуполь қоршауға алынған. Ал Черниговте жарық, су, жылу және газ да жоқ. Интернетке шығудан қиындықтар бар екен.

Вячеслав Чаус, Чернигов облысы мемлекеттік әкімшілігінің басшысы:

- Қарсылас әуеден зымыранмен соққы жасап жатыр. Салдарынан бейбіт тұрғындар қаза табуда. Бүгін «Украина» қонақ үйі атқыланды.

Хабар 24 телеарнасы