Түркияның Ыстамбұл қаласына соңғы 30 жылда жаумаған қар түсті

Түркияның Ыстамбұл қаласына соңғы 30 жылда жаумаған қар түсті

Салдарынан 407 әуе сапары тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктем шыққанда табиғат тосын мінез танытты. Ыстамбұлда күн күрт суытып, қала қалың қар астында қалды. 400-ден астам ұшақ сапары шегеріліп, кеме қозғалысы тоқтатылды. Алып шаһарға баратын жолдар жабылып, көктайғақтан ондаған көлік апатқа ұшырады. Білім беру орындары уақытша жұмысын тоқтатып, Босфор бұғазы жабылды. Ыстамбұл мэрінің айтуынша, ауа райының көктемде дәл осылай құбылуы соңғы 30 жылда болмаған.

Экрем Имамоғлұ, Ыстамбұл мэрі:

– Кейінгі 30 жылдағы наурыз айының ең суық түні болды. -4 градус тіркелді. Бұл суық ауа райы, әсіресе, солтүстік аймақтарда байқалды. Минус 7-8-ге жетуі мүмкін және бұл минус 15-ке дейін төмендегені хабарланды. Сібір суығы деп сипатталған ауа райының қаламызға қаншалықты әсер еткенін сезіндік.