Ирактағы АҚШ бас консулдығына шабуыл жасалды

Ирактағы АҚШ бас консулдығына шабуыл жасалды

Күрдістан автономды аймағының орталығы Эрбиль қаласындағы дипломатиялық ғимаратқа Иран аумағынан бірнеше зымыран атылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 3 жарылыс болған, қалада дабыл іске қосылды. Шабуылға байланысты аймақта әуе қатынасы тоқтатылды. Билік зымыран атқылауынан ешкім зардап шекпегенін айтады. АҚШ елшілігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.