Ирпень қаласынан халықты эвакуациялау жалғасып жатыр

Ресей әскерінің шабуылынан Киевтің іргесіндегі Ирпень қаласынан адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

Шаһар билігінің мәлімдеуінше, Ресей күштері шаһардың 30 процентін басып алған. Бірақ қазір Украина әскері оны қайтаруға күш салып жатыр. Киевтің солтүстігіндегі Ирпеньмен бірге Буча қаласы маңында да ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар Ирпеннің шетінде жарылыстар естігенін айтады. Қала мэрі шаһарда әлі 10 мың адам қалды дейді.

Максим Марченко, тұрғын:

- Барлық бейбіт тұрғындар шаһардан кетіп жатыр. Ресей күштері Великая Дымерка мекеніне кіріп жатыр. Олар кей ғимараттарды тас талқан етті. Алдында орыстардың танктері жүр. Біздің үйімізді ресейлік әскерилер басып алды.