Иран билігі Ирактағы Эрбиль қаласын атқылағанын растады

Иран билігі Ирактағы Күрдістан аймағының орталығы Эрбиль қаласын атқылағанын растады.

Тегеран мұны Сирияға шабуылға жауап ретінде жүзеге асырлығанын айтады.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ-тың Эрбильдегі бас консулдығының маңы зымырандармен атқыланған болатын. Бір адам жарақат алды. Ирак билігі шабуыл халықаралық құқықты бұзу деп Иран тарапынан түсініктеме беруді сұрады.