Австралияда жанармай қымбаттады

Австралияда да жанармай бағасы шарықтады.

Мұндай қымбатшылық соңғы 8 жылда тіркелмеген. Қазір елдің ең ірі қалалары Сидней, Мельбурн, Брисбенде жанармайдың бір литрі 1,82 Австралия долларына сатылып жатыр.

Канберраның мәлімдеуінше, бұған Украинадағы соғыс пен Ресейге қарсы санкциялар себеп.

Еуропа да қымбатшылыққа ұрынды. Германияда жанармай мен дизель отынының бағасы 30 процентке көтерілген. Автотасымалдар қауымдастығының хабарлауынша, бұдан жүк тасуға маманданған кәсіпорындар бірінші кезекте зардап шегуде. Бұдан басқа неміс компаниялары кадр тапшылығы сезілуі мүмкін деп қауіптенеді. Ал автотасымалдар қауымдастығы өкілдері жағдай осылай кете берсе шағын және орта бизнес  қиындыққа тап болады. Қазір олар тасымалдау құнын бірден көтере алмай отыр, тіпті банкрот болуы мүмкін деді.