Жаңа Зеландияда салық төмендеп, жолақы арзандады  

Жаңа Зеландия үкіметі жанармайға арналған акциз салығын төмендетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ билік қоғамдық көлікте жүру жолақы құнын 2 есе арзандатты. Бұл ереже 3 айға дейін күшінде болмақ. Бүкіл әлемдегі сияқты бұл елде де Украинадағы жағдайға байланысты жанармай, азық-түлік пен құрылыс материалдары қымбаттаған болатын. Экономистер Жаңа Зеландияда инфляция деңгейі 8 проценттен асуы мүмкін деп болжайды. Елдің премьер министрі  «Қазір біз ғаламдық энергетика дағдарысының белортасында тұрмыз» деп мәлімдеді.