Қырғызстанның ұлттық банкі валютаға қатысты ережені өзгертті

Онда Ресей рублінің сомға ресми бағамын анықтау тәртібін өзгертті. Бұрын ол орташа өлшемді бағамдар негізінде крос-курспен анықталатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны Мәскеу банкаралық валюта биржасында жариялайтын. Ресей ақшасының құны Қырғызстан ұлттық банкінің доллардың соммен бағамын анықтағаннан кейін белгілі болатын. Сондықтан доллар бағамы өсіп, ал рубль төмендегеннен кейін қырғыз сомы да құлдырап кетті. Енді ұлттық банк рубль бағамы оның доллармен ең төменгі және ең жоғары бағамы негізіндегі крос-курспен анықтайтын болады. Ақпарат Bloomberg және Reuters халықаралық агенттіктерден алынды.

Денис Бердаков, экономист:

 Енді ұзақ мерзім рубль сомнан едәуір арзан болатын түрі бар. Әрине мұның кері әсері болады, бірақ тек осылай ғана инфляцияның шарықтауын тоқтатуға болады. Ал доллардың соммен бағамы енді өспейді, көп дегенде 110 сом болмақ. Ал рубль бағамы 25 процентке, тіпті 35 процентке төмендеуі мүмкін.