Ресей астық экспортын тоқтатады

Ресей бүгіннен бастап 30 маусымға дейін бидай, қарабидай, арпа және жүгері экспортын тоқтатпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресей ауыл шаруашылық министрлігіне сілтеме жасап Интерфакс агенттігі хабарлады. Негізі әлем тұтынатын бидайдың 30 проценті Ресей мен Украинаға тиесілі. Ал қазір дүние жүзіндегі астық қоры 57 миллион тоннаның төңірегінде екен. Бұл қор 27 тәулікке ғана жетеді. Осыған байланысты мамыр айына арналған бидай фьючерстерінің бағасы да өсе бастаған.

Сондай-ақ...