Түрікменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті

Түрікменстандағы президент сайлауында бұрынғы мемлекет басшысының ұлы Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті.

Бердімұхамедовті дауыс берушілердің шамамен 73 проценті қолдаған. Қалған сегіз үміткер 1-ден 11,09 проценке дейін дауыс жинаған.

Айта кеткен жөн, Сердар Бердімұхамедов былтырдан бері вице-премьер қызметін атқарып келген. Елді 15 жыл бойы басқарған оның әкесі Гурбануглы Бердімұхамедов ақпанда жас басшыларға жол бергісі келетінін мәлімдеген. Сөйтіп, мерзімінен бұрын президент сайлауын ұйымдастыруды тапсырып, оған өзі қатыспайтынын бірден айтқан. Енді жаңадан сайланған мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі 19 наурызда өтуі тиіс.