Норвегияда НАТО-ның ірі әскери оқу-жаттығуы басталды. Ауқымды шараға 27 елден 30 мыңнан аса жауынгер қатысып жатыр.
«2022-Салқын жауап» деген әскери шара барысында Солтүстік альянс күштері құрлықта, әуеде және теңізде түрлі іс-қимылдарды жүзеге асырады. Жаттығу Украинадағы қарулы қақтығысқа дейін жоспарланған. Шара сәуір айына дейін жалғасады. Жалпы НАТО Норвегияда әскери оқу-жаттығуын 2006 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ биыл оған әдеттегіден көп сарбаз қатысып жатыр.
