Ресей Джо Байденге қарсы санкция салды

Ақ үй басшысынан бөлек шектеу шаралары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы, Пентагон басшысы, Президенттің ұлы секілді бірнеше жоғары лауазымды тұлғаға да қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл америкалықтардың санкцияларына жауап ретінде қабылданған шара. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілдері алдағы уақытта «қара тізімнің» ұзара түсетінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, «Ресейге қарсы араздық тудырған» америкалық шенеуніктер, әскерилер мен кәсіпкерлер де осы тізімге енуі мүмкін.