АҚШ-та көшеде түнегендерді өлтірген кім?

Вашингтон және Нью-Йорк қаласында үйсіз көшеде түнеп, онсыз да тағдырдың тәлкегіне түскен жандарды өлтірді деген күдікпен бір адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ полиция іске қатысты айғақтарды әлі де жинап жатқанын айтады. Мәліметке қарағанда, күдікті жасы 30-дар шамасындағы Вашингтон қаласының тұрғыны. Тергеушілер ол құрбандарды кездейсоқ кездестірген деп отыр. Еске сала кетейік, соңғы екі аптада Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларында үй-күйсіз жүрген жандардың бесеуі кісі қолынан қаза болған еді.

Джеймс Эссиг, Нью-Йорк полициясы детектив бөлімінің басшысы:

– Біз Нью-Йоркте осы оқиғаларға байланысты әлі ешкімді ұстаған жоқпыз. Қазір айғақтарды жинастырып, тергеуді жалғасытырып жатырмыз. Вашингтонға өзіміздің 2 тергеушімізді жібердік. Суреттерге қарағанда күдіктінің аяқ киімі мен шалбары және бетіне таққан маскасы ұқсайды. Таяуда осы іске қатысты мәлімдеме жасаймыз.