Ресейлік «Бірінші арна» редакторы М.Овсянниковаға айыппұл салынды  

Ресейдегі «Бірінші арнаның» редакторы Марина Овсянниковаға 30 мың рубль айыппұл төлемек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен 150 мың теңге. Сот оны рұқсат етілмеген акция ұйымдастырды деген бап бойынша кінәлі деп тапқан. Айыппұл тікелей эфирдегі әрекеті үшін емес оған дейін жазған видеосы үшін салынған. Қазір редакторға қатысты Ресей әскері туралы «жалған ақпарат таратты» деген бап бойынша тексеріс жүріп жатыр. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков редактордың әрекетін «бұзақылық» деп атады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский Овсянниковаға алғыс айтып, Франция басшысы Эммануэль Макрон саяси баспана ұсынды.

Марина Овсянникова, Ресей «Бірінші арнасының» редакторы:

– Қолдау көрсеткен достарыма, әріптестеріме, барлық адамға алғыс білдіргім келеді. Соңғы күндері өмірімдегі ең ауыр кезең болды. 2 күн ұйықтаған жоқпын. Тергеу 14 сағаттан астам уақытқа созылды. Маған туған-туыс, жақын-жуықпен хабарласуға, заң көмегін алуға еш мүмкіндік берілмеді. Жағдайым өте қиын болды.

АҚШ-тағы FOX NEWS Украианада 2 қызметкерінің қаза тапқанын растады. Телеарна операторы мен украиналық журналист ажал құшқан. Олар мінген көлік Киевтің маңында оқ астында қалған.